#bilimkzo
#280ОРТАМЕКТЕП
#Біртұтас_тәрбие
#сырұланы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес, 2024 жылы наурыз айында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» жобасы жүзеге асырылды.
Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, философиялық көзқарасы, айтар ойы, барлық жерде ою-өрнектермен сипатталған. Кез келген жанның бойына әсемдік сыйлап, талғамын айшықтайтын бұйым – үстіне киген киімі. Ата-бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген. Киім-кешек — тек шүберек қана емес, сол ұлттың мәдениетінен, қоғамдық өмірінен сыр шертетін ажырамас бөлігі.
Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар. Сондықтан, еліміздің жастары сәнді және әдемі киінсе, олардың өмір сүру сапасы да жақсарып, ұлттық құндылығымыз да ұлықтала бермек.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhas-lan/200-ltty-kiim.html#sigFreeId98ec3e4ca6








