Қазақстан – ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заманның ерекшеліктерін біріктіретін, ерекше табиғи әртүрлілігі бар туристік кластерлерді құрудың табысты тәжірибеге ие бірегей ел.
Адамзат тарихы табиғат тарихымен тығыз байланысты. Туған жерге, туған мәдениетке, туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу – бірінші кезектегі міндет.
№ 280 орта мектебінің оқушылары 4 тоқсан-4 өнер жобасының аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылықтарды танытуды, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражайға саяхат жасауда оқушылар ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында оқушылар көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты. Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды әр түрлі жәдігерлердің үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты. Келесі аралау бөлімінде Алтын адамның көшірмесі бейнеленген үлкен залға кіріп, бейнелеу өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Өнердің өмірден алар басты құндылығы мен сыршылдығын түсіндіріп, елінің елеулі композиторлары мен өнер үшін ерен еңбек еткен жандар жайлы оқушылардың назарына ұсынылды.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhas-lan/189-aza-stanny-m-deni-m-rasy-o-ushylardy-yzylorda-m-razhajyna-sayakhaty.html#sigFreeIdc0ef6da573








