"ӘКЕМ ҮЙРЕТКЕН"
#Білімкzо
#Біртұтас_тәрбие
#280ортамектеп
#Балаларкітапханасы
#Сырұланы
#Жасұлан
Қазақстан Республикалық Оқу–ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес және “Кітап оқы, ойға тоқы, Жас ұлан” Жас Ұлан ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, мектебіміздің бастауыш оқушысы Сабырбай Нұрғиса «Әкем үйреткен» акциясына қатысты.
Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» - деп бекер айтпаса керек. Қазақтың өмір сүру ғұрпындағы әкенің рөлі ерекше. Қамқоршылық қасиетімен қатар тәрбиенің тағаны ретінде де қалыптасқан. Шынымен де дүниеге шыр етіп келгеннен бері біздің мәңгілік қорғаушымыз–Әкеміз! Ежелден «Әке» деген ұлы сөзді ерекше бағалап, аса қәдірлеп, құрметтей білген халықпыз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген дана халық. «Әкем үйреткен» акциясы арқылы оқушыларымыз отбасында әке мен анамен бірге отбасылық кітап оқып, ой бөліседі. Білген білімі мен көрген өнегесін кітап оқу арқылы балаларымен бөліскен ата-ана бала бойына болашағы үшін рухани мол қазына дарытары даусыз.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhas-lan/186-kem-jretken.html#sigFreeId06fdfba57c








