#bilimkzo

#ЖАСҰЛАН

#280ОРТАМЕКТЕП

#АДАЛДОСШЫНДОС

«Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» Жас Ұлан ұйымының жылдық жоспарына(Алаш қозғалысының 105 жылдығына арналған акциялар) сәйкес , №280 орта мектебі «Адал Дос-Шын Дос» акциясы  өткізілді.

Акция аясында 2023 жылдың 19 қазан күні, мектебіміздің ұланбасы, мектеп психологы және мектеп тәлімгерінің  ұйымдастыруымен, ерекше қабілеттегі балаларымызға кедергісіз кеңістік орнату мақсатында іс-шара жасалды. Әр баланың өздері ұнататын ісімен айналысуына жағдай жасап, бірге шара өткіздік. Барынша балаларға қуаныш және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға ат салыстық.

Әрбір бала шын бақытқа лайықты! Балаларымыздың жүрегінен жылулық, жүзінен қуаныш кетпесінші!