Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек - деген ұлылардың ұлысы Әл-Фараби. Бүгін дәл осы ержүрек керемет жандар Ұстаздар мерекесі И 280 орта мектебінде аталып өтілді. Мектептің 9-сынып оқушылары ертемен ұстаздарды қошеметпен қарсы алып, жоғары деңгейде іс-шара өткізді. Асыл да ардақты ұстаздарымызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!