«Балалар жылы» аясында «Жас Ұланның жұлдызды жылы» жылдық акциясына сәйкес бүгін 2022 жылы 2 ақпан күні мектепішілік электронды құрмет тақтасында мектебіміздің мақтаныштары, белсенді жас ұландарымызды жариялап, көрсеттік. Олар мектеп домбырашылары мен биші қыздарымыз. Талай сайыстарда дипломдармен марапатталып, жеңіспен оралған. Атап айтар болсақ «Гүлдерай» би тобының қыздары «Мәңгі жаса- жаңғырған ұлы далам» атты  II республикалық рухани-патриоттық байқауында БАС ЖҮЛДЕ алған. Жетекшісі: Альмурзаева Әлия Мухамедиярова. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Әрдайым сәттілік тілейміз! Жас Ұлан жұлдыздары тақтасынан үнемі көріне беріңіздер! Өмірлеріңіз бақыт пен шаттыққа толсын!

 

            Ұйымдастырушы: Мектеп тәлімгері Райса Серікбай