5 маусым – Экологтар және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдан бері аталса, елімізде 2011 жылдан бастап Экологтар күні ресми түрде белгіленді. Бұл күннің әрбір өңір үшін маңызы ерекше. Себебі, қоршаған ортаны қорғау және сақтау - бүгінгі күнгі ең өзекті мәселелердің бірі.Табиғатымызды сақтау, табиғат сыйлаған ұшан-теңіз жақсылықты қадірлеу арқылы таза да жайлы өмір сүру - өз қолымызда. #280 негізгі мектебінің ауласында бүгінгі айтулы күннің құрметіне орай "Birge Taza Kazakhstan" акциясына үн қосу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп ауласына тазалық жұмыстары жасалды.








