#280 негізгі мектебінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімі, әріптесіміз Ақжарқын Нұрқасымқызы Қалалық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған бірнеше салмақты сайыстарда топ жарып, мектеп қанжығасын толықтыруға үлес қосып отыр.
Қызылорда қалалалық Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі мен "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы ПҚ БАИ ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдер арасында өткен "ҮЗДІК ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР-2021" облыстық байқауының қалалық кезеңінен 3-орын алды.
ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы күніне орай ұйымдастырылған "Елбасы және тарих" эссе байқауынан оқушысы Ерболатқызы Айшагүл 2-орынмен оралып, әріптесіміздің мерейін арттырып отыр.
Ақжарқын Нұрқасымқызы, жүлделеріңіз құтты болсын! Ғылым-білім жолындағы ізденісіңіз артып, шығармашылығыңыз шыңдала берсін!! !








