Күздің соңғы айының соңғы күндерін #280 негізгі мектеп ұжымы дәстүрлі "Алтын күз"  мерекесімен шығарып салды. 5-8-сынып оқушыларының қатысуымен өткен мереке берекелі маусымның сән-салтанатын, көз қарықтырар  картиналарымен ғажап түске боялды. Шығармашылық ізденісі мен қиялына ерік берген оқушылар қолынан шыққан таңғажайып туындыларға, креативті идеяларына, тосын таланттарына сүйсініп, "бәрекелді" демеске шарамыз қалмады.

"Таныстыру"

"Өз өнері"

"Күз кереметі"

"Сән үлгісі"  атты қарапайым ғана аталымдар бойынша өте жоғары талғаммен дайындалған әр сыныптың намысын қорғаушылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық кезеңде ой ұшқырлығы, шығармашыл талантымен ерекшеленген 5"А" сынып атынан қатысқан Алтынбеков Ернат пен Мұханбет Нұрзия бас жүлдені иеленді.

 

Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері Райса Серікбай