Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Отаныма 30 қайырымды қадам" республикалық акциясы аясында #8 арнайы санаториялық мектеп-интернаты базасында ұйымдастырылған "Балалар әлеміндегі игі істер" қайырымдылық шарасына мектебіміздің белсенді "Жас ұландары" қатысты. 9-аймақ мектептерінің тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты балаларға қуаныш сыйлау, қайырымдылық, мейірімділік дағдыларын дамыту. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кеш өз мақсатына жетіп, шара соңында балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар, мектеп-интернат директоры Еркін Кенжебекұлы жүрек жылуын ұсынған ұйымдастырушы тәлімгерлерге өз алғысын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Марапат иелерінің қатарынан табылған мектебіміздің тәлімгері Райса Серікбайды марапатымен құттықтаймыз!!!









