№280 орта мектебінде 2023 жылдың 08 қыркүйек күні «Дене сергіту» челленджі ұйымдастырылды.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті-оқушыларға сапалы білім беру, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудырумен қатар денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Сол себепті де мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдік ерекшеліктеріне сай жасалынады. Оқу бағдарламасы да жыл өткен сайын жаңарып, заман талабына сай өзгеріп отырады. Бүгінгі ұйымдастырылған челлендждің басты міндеті - жаңа оқу жылына қадам басқан оқушылардың санасына бір серпіліс жасап, оқу іс-әрекетінде шаршаудың алдын алуға ықпал ету. Жаһандық даму кезеңінде балалардың техникаға тәуелделік мәселесінің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған сергіту сәті сәтті ұйымдастырылды. Себебі оқушыларымыз көңілді күймен, мол жігермен сабақтарына қайта кірісті.
Жаңа 2023-2024 оқу жылында талабы таудай оқушыларымыз оқуда озат, білімде алғыр, жарыста жүйрік болғай!