Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановпен бекітілген 1-12 маусым аралағында "Баланың еңбегін қанауға қарсы күрестің 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқанының өңірлік іс-шараға байланысты көптеген жұмыстар атқарылды.

БАҚ-та балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу бойынша мақалалар жарияланды. Республикалық және облыстық арналарда отбасылық құндылықтар мен бақытты балалық шақты насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға арналған "Жедел желі" іске қосылды. Мектеп бойынша кешкі мезгілде рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейдтік іс-шараларға ата-аналар және мектеп әкімшілігі белсене қатысты. Рейдтік  іс-шаралар барысында балалардың еңбегін пайдаланудың бұзылу фактілері анықталмады.