«Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» жылдық акциясы аясында өтіп жатқан  «Бабалар үні»  жобасына  2023 жылдың 25 мамыр күні  3 «Ә» сынып оқушысы Үсенова Жанель белсенділік танытып, қатысты. Ол Қобыланды батыр жырынан үзінді оқыды.
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Қобыланды Батыр жыры - қазақ  халқының қаһармандық жыры.
Батырлар жырын бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетімен, шешендік өнерімен байланыстыра отырып, бүгінгі жас ұрпақ «Батырлар жырын» жырлайды. Мектебімізде батырлар жырын жатқа оқу акциясы бұдан әрі де жалғасын табады. Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері.