22.05.2023 күні № 280 орта мектебінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс офицері Лейтенант Б.Бижұма және Қызылорда облысының "ӨСжАҚЖҚ"ММ жедел құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару бөлімше басшысы Р.Абдіхалықовтің қатысуымен жаз мезігінде судағы қауіпсіздік және зардап шеккен адамға көмек көрсету тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Су сенің досың және дұшпаның».
Суға шомылу кезіндегі ережелер
- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.
- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.
- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!
364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу
- Ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі немесе 6900 теңге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/132-su-seni-dosy-zh-ne-d-shpany-3.html#sigFreeId8104ae0d09








