Суға шомылу кезіндегі ережелер

- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.

- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға

шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.

- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз

шомылуына жол бермеңіздер!

364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу

1 Ортақ су пайдалану қағидаларын:

1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су

алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;

2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың

кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу

түрінде жасалған бұзушылық –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2 Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл

ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – екі немесе 7900 теңге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе

коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк

субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.