Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор
қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің
«қамын» ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебіде сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады,
еліктегіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де
сатып алуға болады.Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық
есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады.Бір пайдалансаң жайын жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды.Аз уақытқа
болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.