ҚР Еңбек заңнамасында 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады.
Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастан бастап, мектеп оқушылары сабақтан бос уақытында, денсаулығына зақым келмейтін жағдайда жұмыс істей алады. 15 жастан бастап, негізгі орта және жалпы орта білім алған жас қазақстандықтардың жұмысқа орналасуға құқығы бар.
ҚР Еңбек кодексінің 10 – бабына сәйкес еңбек келісімшартына ата-ана немесе баланың қамқоршысы, асырап алушысы қол қоюы тиіс. 16 жастағы жасөспірімдер ата-ана қолынсыз келісімшарт бекіте алады. Әйтсе де, бұл жаста ауыр жұмыспен, денсаулық пен рухани дамуына қауіпті және зиян ортада жұмыс істеуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл жаста жұмыс берушінің меншігін күзететін, толық материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарда жұмыс істеуге болмайды.
Кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған жұмыстар Қазақстан заңнамасына сәйкес, 18 жасқа толмаған балаларды құмар ойын бизнесіне, түнгі көңіл көтеру орындарына, өндіріс пен алкоголь, темекі, есірткі өнімдерін саудалауға шақыруға болмайды.
Кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандықтарға 4,1 келіден ауыр заттарды көтеру және тасу жағдайында жұмыс істеуге болмайды. 14-16 жастағы жасөспірімдерге аптасына 24
сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды Неге мән беру керек
Жұмыс беруші кәмелеттік жасқа толмаған баламен еңбек келісімшартын бекітуі тиіс. Егер жұмыс беруші келісімшарт жасаспаса, айыппұл салынады. Лауазымды тұлғалар үшін салынатын айыппұл көлемі – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйым субъектілері үшін – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК дейін барады.









