«Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» Жас Ұлан ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15 мамыр күні «Jas Ulan Team» жас ұландардың еріктілік уақыты акциясы бойынша «Мен сияқты жаса» және «Жақсылық жасап жарыс» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл шараға мектебіміздегі 8 сынып жас ұландары қатысты.
Мақсаты: Мектебіміздегі белсенді, әрі ерікті жас ұлан оқушыларымызбен қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Әрқашан қайырымдылық жасап жүруді мақсат тұтқан оқушыларымыз Досан ауылының тұрғыны, зейнеткер Нұржанов Тоқтамыс атамыздың үйіне барып қол көмек көрсетті. Тоқтамыс ата балаларға риза болып ақ батасын берді. «Батаменен ел көгерер»- дегендей балаларымыздың болашақтары ашық-жарқын болсын! Ұйымдастырушы: мектеп тәлімгері және ұланбасы.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/126-men-siya-ty-zhasa.html#sigFreeIde23700ec11








