«Алаш ұлағаты – Ұландар үнінде» Жас Ұлан ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 мамыр күні «STAND UP» медиафорумы жоспарына сәйкес мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Тынымбек Сағыныш жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жасады.

Мақсаты:  Барлық білім беру мекемелерінде медиасауаттылықтың әліппесін үйрету, ақпараттық сауатты ұрпақ қалыптастыру. Журналистика мамандығын таңдайтын оқушыларға кәсіби бағдар беру. Оқушыларды мобилография, тележурналистика, радиожурналистикаға баули отырып, шығармашылығын шыңдау.  Мектеп тынысынан ақпар беруге дағдыландырып, жас журналистердің, сауатты блогерлердің шоғырын қалыптастыру. 8-11 сынып оқушыларынан құралған белсенді, мультимедиалық журналистикаға жақын оқушылардың басын қосып, медиафорум ұйымдастыру.

Ұйымдастырушылар: Тынымбек Сағыныш және Серікбай Райса.