#бала құқығы
#280орта мектеп
#балалар жылы
«Адам саудасы – әлемдегі үшінші мәселе. Елімізде адам саудасының көлемі көбеймесе, азаймай тұр». «Сана-сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының мамандарының айтары осы. Аталған орталық – адам саудасын анықтау, алдын алу, құрбандарды құтқару, оларды кәдуілгі өмірге қайтару бойынша жұмыс істеп келе жатқан ұйым. Орталық мамандарының сөзінше, кез келген азамат адам саудасының құрбанына айналып кетуі әбден мүмкін.
#280ортамектеп
#ғасырдерті
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады.
Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады.Бір пайдалансаң жайын жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды.Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
#балақұқығы
#280ортамектеп
#балаларжылы
Жасөспірімдердің еңбек құқығы
ҚР Еңбек заңнамасында 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастан бастап, мектеп оқушылары сабақтан бос уақытында, денсаулығына зақым келмейтін жағдайда жұмыс істей алады.
15 жастан бастап, негізгі орта және жалпы орта білім алған жас қазақстандықтардың жұмысқа орналасуға құқығы бар.
ҚР Еңбек кодексінің 10 – бабына сәйкес еңбек келісімшартына ата-ана немесе баланың қамқоршысы, асырап алушысы қол қоюы тиіс.
16 жастағы жасөспірімдер ата-ана қолынсыз келісімшарт бекіте алады. Әйтсе де, бұл жаста ауыр жұмыспен, денсаулық пен рухани дамуына қауіпті және зиян ортада жұмыс істеуге тыйым салынған. Сондай-ақ, бұл жаста жұмыс берушінің меншігін күзететін, толық материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарда жұмыс істеуге болмайды.
Кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынған жұмыстар
Қазақстан заңнамасына сәйкес,18жасқа толмаған балаларды құмар ойын бизнесіне, түнгі көңіл көтеру орындарына, өндіріс пен алкоголь, темекі, есірткі өнімдерін саудалауға шақыруға болмайды.
Кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандықтарға 4,1 келіден ауыр заттарды көтеру және тасу жағдайында жұмыс істеуге болмайды. 14-16 жастағы жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды
Неге мән беру керек
Жұмыс беруші кәмелеттік жасқа толмаған баламен еңбек келісімшартын бекітуі тиіс. Егер жұмыс беруші келісімшарт жасаспаса, айыппұл салынады. Лауазымды тұлғалар үшін салынатын айыппұл көлемі – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік пен коммерциялық емес ұйым субъектілері үшін – 80 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК дейін барады.









