Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Аталмыш ойын оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытады.
Республикада алғаш рет өткізіліп отырған және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылатын шахмат ойнау челленджіне мектеп оқушылары мен мектеп ұстаздары да қатысты. Челлендждің міндеттері оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту, балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту болып табылады.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/110-shakhmat-ojnau-respublikaly-chellendzhi.html#sigFreeId26dcf0c600








