Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Осындай өзекті мәселе № 280 негізгі мектебінде өткен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты жиынында қаралды.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Кездесуге мектеп директоры Ж.Кумекбаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Прманов, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Р.Байзақ және мектеп педагогтары мен оқушылары қатысты.
Күн тәртібінде: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. (жалпы есепте тұрған қылмыстық іс және әкімшілік жазаға тартылған студенттермен жұмыстар жүргізу, сабақтан тыс уақыттағы ата - аналардың міндеті және т.б.)
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/101-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu.html#sigFreeId7e31325f79








