Жалпы ата-аналар жиналысы
Интернет ғаламдық тордың жалпы адамзатқа алып келетін пайдасы көп. Алайда теріс пиғылда пайдаланып, әлеуметтік желілер арқылы жасөспірім балаларды бопсалайтындар да бар. Сондықтан ата-аналар балаларының қандай ресурстарды пайдаланып отырғанын, қандай сайттарда, контентте отырғанын бақылау қажет. Ол үшін қазіргі таңда әртүрлі бағдарламалар бар.
Балаңыздан компьютердің алдында жұмыс жасаудың мерзімді нормаларының сақталуын талап етіңіз. Балаңызға бақылау жасап отырғаныңыз қадалағаныңыздан емес, тек оның қауіпсіздігін уайымдағандықтан екендігін жеткізіп, оған әрдайым көмекке келетіндігіңізді айтып отырыңыз. Сіздің рұқсатыңызсыз файлдарды, бағдарламаларды, музыканы жүктемеуге үйретіңіз.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/100-internet-zhelisinde-balalardy-auipsizdigin-amtamasyz-etu.html#sigFreeIda898565636








