Тазалық — әрбір адамның мәдениеттілігінің, жауапкершілігінің және қоршаған ортаға деген құрметінің көрінісі. Бұл ұғым ең алдымен өз үйіміздің табалдырығынан бастау алады. Үй ішінің таза болуы, аула мен көшенің жинақылығы – қоғамның, қала берді, ұлттың ұқыптылығын көрсетеді.
Бүгінгі таңда экологиялық мәселелер мен санитарлық талаптардың маңызы арта түсуде. Сондықтан әр адам тазалықты өзінен бастауы тиіс. Қоқысты дұрыс тастау, айналаны ластамау, көршілерге құрметпен қарау — бұның бәрі қарапайым әрекеттер болғанымен, үлкен мәдениетті қалыптастырады.
"Тазалық табалдырықтан басталады" деген сөз — тек үй ішін ғана емес, жүрек тазалығы мен ниет тазалығына да қатысты. Таза қоғам – саналы азаматтардан құралады.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/tazaly-tabaldyry-tan-bastalady/169-adam-mirinde-tazaly-ty-alar-orny-ma-yzdy.html#sigFreeId016cfea5db








