Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Апайымыз бізге әрқашанда тазалық денсаулықтың жақын досы деп айтып отырады.
Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанда қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/tazaly-tabaldyry-tan-bastalady/169-adam-mirinde-tazaly-ty-alar-orny-ma-yzdy.html#sigFreeId016cfea5db








