«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті
Ал, тазалық әр ауладан, отбасынан басталады.
Шыны керек, көктем шығысымен, ала жаздай қоқыспен алыссақ та, күзде қайта ластанған кейіпке енетініміз рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын жауапты қызметкерлерге ысырып қою қисынға келмейді. Әрине, олардың бұл тікелей міндеті шығар, дегенмен әрбір тұрғында туған өлкеге деген жанашырлық пен сүйіспеншілік болуы керек. Сондықтан ортақ іске бөле-жара қарап, жауаптыларға жауапкершілік арқалатпай, түсінген адамға ауылының тазалығына ортақтасатын кез келді. Еш болмаса үй сырты мен аула тазалығына мән берсек, көшеге де көз тастап қою нағыз азаматтық іс болар еді.