Халқымыздың ең асыл қасиеті – тазалығы. Тән тазалығы мен жан тазалығы рух бірлігіне алып келеді. «Тәрбие табалдырықтан басталады», – дейді даналар. Бүкіл тәрбие мен елжандылық тазалықты сақтаудан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етуден бастау алады. Сондықтан әрбіріміз тазалыққа ден қойып, көркейіп, ұрпағымызға өркендеу жолын үйретейік. №280 орта мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Э. Қыдырғалиқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласын тазаладық. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар үнемі жарияланып тұратын болады. Мақсат біреу мектебімізді тап-таза, жасыл желекке оранған көрікті мекенге айналдыру.