Кітап маған тақтан да қымбат – деп айтқан ұлы Шекспир. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жасалған «Оқуға құштар мектеп» жобасы дәл бұрынғы ұлы жазушыларымыздың ізгі мұрасын жандандыру десек қателеспейтін секілдіміз. Себебі, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы оқушылардың білімдік деңгейі жетіліп ғана қоймай, рухани жан-дүниесі байыры анық. Кітапты оқу арқылы олар өткен тарихтың мол мұра екенін түсінеді, өткеннен өмірлік сабақ алады. Тарихын құрметтеген әрбір жеткіншек болашақтың жарқын бейнесі болары анық.

2023 жылдың 20-қыркүйек күні №280 орта мектебінде «Оқуға құштар ұлан» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында мектептің 9 «А» сынып оқушысы Жұмаділ Назым «Алаштың сөнбес жұлдызы-Мағжан Жұмабаевтың» өмірінен және еңбектерінен үзінді оқып бөлісті. Ай сайын ұйымдастырылатын акцияға қатысуға тілек білдіретін оқушыларымыздың саны артып жатқанына өте қуаныштымыз.