280 ОРТА МЕКТЕП

#Республика күні

Құрметті 280 орта мектебінің ұжымы! Сіздерді 25 Қазан-Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне қайта енген бұл күннің маңызы ерекше. Көпұлтты еліміздің достығы, жеткен жетістігі, жас буынға бүгінгі Жаңа Қазақстанның ұлтжандылығын айқындайтын тарихи мереке. Келешекке терең маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге зор жетістіктер тілейміз!