№280 орта мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ерте жастағы жүктіліктің, жат қылықтың алдын алдын алу мақсатында "Жат қылықтың қыз тағдырына әсері" «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» "Репродуктивті саулық" тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен кездесу өтті.

Жиналысқа Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы валеолог маманы Алдабергенова Айзат,

№6 қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Жұпарымбетова Ақерке,

№6 қалалық емхана СӨСҚ медбикесі Сыздықова Бибігүл,

Мектеп психологы Жидебаева Құралай қатысты. 

Кездесу барысында тақырып төңірегінде пікір алмасу өткізілді. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің денсаулықтарына кері әсері мен өмірлеріне, болашақтарына зияндылығын, жыныстық тәрбие беру керектігін айтылды. Қыз балалардың жат қылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсінік қалыптастыру. Сол себепті бүгінгі пікір алмасуда қыздарымыз «Жат қылық дегеніміз не?» және жат қылықтың тағдырымызға тигізер әсері жөнінде өз ойларымен бөлісті. Қыз бала тәрбиесінде имандылық, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиеттер бойларына дарыған қазақ қыздарының арасында батыстық, шығыстық бағытқа еліктеп, ұлттық менталитет ұғымынан, игі дәстүр ізінен аттап кетушілер аз да болса кездесіп жатады. 

Дәстүрімізден аттамау әрбір қазақ қызына тән екендігін байыппен түсіндіру. Сондай - ақ қыздарымыз «Жаман әдеттерге нелер жатады?», «Қыздар неліктен төбелеседі?», «Қыздардың бұзылуына сыртқы ортаның әсері қандай?» т.б сұрақтар төңірегінде өзара пікір алмасты.