Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру сатылары арасындағы сабақтастық тек балаларды мектепте оқуға дайындау ретінде түсінілмеуі керек. Балалардың мектепке ауысуын барынша жұмсақ етуге, мектепке дейінгі ұйымда да, мектепте де білім беру процесі баланың жеке басының қалыптасуына, оның құзыреттілігін, шығармашылығын, тәуелсіздігін, жауапкершілігін, еріктілігін, өзін – өзі тануы мен өзін-өзі бағалауын, мінез-құлық бостандығы мен қауіпсіздігін дамытуға бағытталуы қажет.

Осы мақсатта.

280 орта мектебінде балабақшалардың мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері мен мектептің 1-сынып ұстаздары арасында "Балабақша мен мектеп сабақтастығы" тақырыбында кездесу болып өтті.

Шараға "ӘЛИНҰР", "АМАНКЕЛДІ", балабақшаларының тәрбиеші мамандары келіп, мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, өз пікірлерін білдірді. Бірлескен жұмыстар жүргізіп, жоспарлар әзірледі.