Бүгін білім мен тәлім нәрін бойына жинаған түлектер үшін маңызы ерекше күн! Осы айтулы күнге орай мектебімізде биылғы оқу жылында бітіретін түлектерге арналған “Мектебім, саған мың алғыс!”шарасы өткізілді. Мемлекеттік әнұраннан бастау алған мерекелік шара мектеп директоры Кумекбаева Жанат Шамшатқызының құттықтау сөзімен ашылды. Мектеп бітіруші түлектеріміздің жүректері үлкен толқынысқа толып, білім мен тәрбие берген білім ұясына алғыстарын білдірді. Жиын барысында республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары мектеп бітіруші түлектерге өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.

Мерекелік шарадан соң бітіруші түлектерге жаңа жүйеге сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында ерекше естеліктер айтылып, мектеп ұстаздары бітіруші түлектеріміздің алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Қуаныш пен қимастыққа толы “Мектебім, саған мың алғыс!” шарасы осылайша өз мәресіне жетті. Мектеп бітіруші түлектеріміз Еліміздің еңсесін тіктер тұлғаға айналады деген сенімдеміз!