20.09.2024 Мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда қалалық покуратурасының бөлім прокуроры Мұхитдин Сәкенұлы мен Гүлдана Рүстемовналармен кездесу өтті.
Атап айтсақ, «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиынға оқытушылар, прокуратура қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында Мұхитдин Сәкенұлы Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Нашақорлық пен вейб шылым тарту да сөз болды. Гүлдана Рүстемовна: Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.








