№ 280 орта мектебі оқушылар арасында зиянды әрекеттер профилактикасы мен дене жарақатын алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. кездесуге «Қызылорда Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бас маманы З.Абдирова, №6 қалалық емдеу мекемесінің психолог маманы Ұзақбаева А, № 6 қалалық емдеу мекемесінің дәрігер–педиатры Сарекеева А. арнайы шақыртылды.
«Қызылорда Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бас маманы З.Абдирова мектеп оқушыларына «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбы бойынша түсініктеме берріп өтті. Темекі, вейб, нашақорлық пен алкоголь ішімдіктерінің адам ағзасына зияны мен зардабы түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамда өршіп тұрған лудоманияның зардабы аталып өтті.
№6 қалалық емдеу мекемесінің психолог маманы Ұзақбаева Аягөз «Балалар жарақатының алдын алу және алғашқы көмек көрсете біл», тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, жарақат алған жағдайда алғашқы көмек беруді үйретті.
№ 6 қалалық емдеу мекемесінің дәрігер–педиатры Сарекеева А. және 280орта мектеп медбикесі Г.Тобаликова «Жұқпалы аурулардың алдын алу» туралы ақпарат жасады. Тұмау, ЖРВИ, т.б. аурулардан қорғану құралдарын таныстырды.
https://280mektep-edu.testim.kz/kz/birt-tas-t-rbie/188-ziyandy-reketten-aula-bol.html#sigFreeId6f5be3f9ee








