Мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, 2024 жылдың 24 қаңтар күні мектебіміздің АКТ залында 5-11 сынып оқушыларының қыз балаларына арналған жиналыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында сапалы біліммен қатар өнегелі тәртіп пен құқықтық тәрбие қалыптастыру. Жиналыс барысында жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, денсаулық, кішіпейілділік сынды тақырыптар қозғалды.

Жиналысқа мектебіміздің тәрбие бөлімі, әлеуметтік-педагог, кітапхана меңгерушісі, мектеп дефектологы, мектеп медбикесі және мектеп тәлімгері қатысты.

Жиналыстың басталу барысында сөз алған мектеп кітапханашысы С.Рысбаева «Қыз қылығымен - көркем» болуы керек екендігін, қыз бала тәрбиесі бүкіл ұлттың тәрбиесін қалыптастыратындығы жайында керемет әңгімеледі. Мектеп медбикесі Г.Тобаликова «Бірінші байлық – денсаулық» туралы баса айтып, қыздарды тазалыққа, жинақылыққа шақырды. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы И.Садықова оқушылардың қоғамның керемет бөлігі, қоғамның әрбір мүшесі өзін жауапты тұлға ретінде сезініп, қоғам игілігі үшін әдепті әрі саналы әрекеттер жасау барысында дұрыс орта қалыптастыруға болатындығын жеткізді.

Жиналыста мектеп тәлімгері А.Асанханова мектеп білім алатын орын ғана емес, тал бесіктен басталған тәрбиенің мызғымас ошағы, білім ордасындағы оқушыға қатысты тәртіп пен талапты орындаудың өзі нағыз жауапкершілік пен адамгершілік екендігін түсіндірді.

Жиналыс өту барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жиналыста қозғалған тақырыптар бойынша пікір алмасты.

«Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына». Оқушыларымыздың ойы ұшқыр, тәрбиесі тәлімді болғай!

#bilimkzo

#280ОРТАМЕКТЕП